Алматы - Қорғас тас жолында көлік апатынан екі адам қаза тапты

248

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алматы - Қорғас тас жолында көлік апатынан екі адам қаза тапты Фото: Polisia.kz

Алматы - Қорғас тас жолында көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан. 

Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды. Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды. 

Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу