"Алматы-Қорғас" тасжолындағы көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты

843

Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді.

"Алматы-Қорғас" тасжолындағы көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты

Алматы облысындағы "Алматы-Қорғас" тасжолында болған көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті жол апаты фактісін растады. "Алматы-Қорғас" тасжолының 313-шақырымында "Ауди-100" және "Тойота-Камри" автокөліктері соқтығысты.

"Тойота" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін жан тапсырды. Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді", – делінген ведомство хабарламасында. 

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу