Алматы – Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік апат: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

277

Тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы – Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік апат: ауруханада тағы бір адам көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Алматы – Қорғас тас жолында болған жол апаты кезінде зардап шеккен жолаушы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, зердап шеккен бір адам қажетті медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. Ал бір жастағы бала облыстық ауруханаға ауыстырылды.

"Өкінішке қарай, зардап шеккен бір адам ауыр жарақаттардан қайтыс болды", – дейді дәрігерлер.

Қазіргі кезде аудандық аурухананың травматологиялық бөлімінде үш адам ем алып жатыр.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты 23 маусымда Шелек ауылына жақын жерде болған. Haval маркалы көлік жолдың қарсы бетіне шығып, Audi 100-бен бетпе-бет соқтығысқан. Audi жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орында қаза тапқан. Ал 7 адам аудандық ауруханаға жеткізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу