Алматы құтқарушылары су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейтті

Қаланың су айдындарында былтыр адам өлімі тіркелмеді, 17 адам құтқарылды, оның ішінде 6-ы бала. 

Алматы құтқарушылары су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейтті Фото: kazakhstan today

Алматыда жаз мезгілі таяған кезеңде су айдындарында оқыс оқиғалар жиілей бастайды. Осы ретте қалалық құтқарушылар судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырып, жауапсыздықтың арты ауыр зардаптарға әкеп соғатынын ескертті.

Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Әнуар Юсупов айтты.

Өткен жылы күшейтілген профилактикалық шаралар нәтижесінде қала су айдындарында адам өлімі тіркелмеді, 17 адам құтқарылды, оның ішінде 6-ы бала (Сайран көлінде). 

"Алматы қаласы мен тау бөктеріндегі аймақтарда 44 су қоймасы бар. Бұл өзендер, көлдер, арналар, тоғандар, оның 12-сі тұрғындарға қауіпті деп есептеледі", - деп хабарлады спикер.

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департаментпен полиция қызметкерлері, ҚР ҰК әскери қызметшілері, құтқару қызметінің және РҚЖҚ құтқарушылары, сондай-ақ еріктілермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

"Біз су айдындарындағы қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығын әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Мәселен, өткен жылы әкімшілік кодекстің 440-бабы бойынша 63 адамға жалпы сомасы 790 мың теңге айыппұл салынды", - деп қосты спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу