Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

156

Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 41-шақырымында болды. 

Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты Фото: Zakon.kz

Mitsubishi Lancer жүргізушісі рөлге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды.

Оқиға орнында Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы қаза тапты.

Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу