"Қазіргі уақытта қолда бар ақпаратқа сәйкес, 21 мамырда БАО аймағында куәгерлер Австралия азаматын көрген. Ер адам ғарыш стансасына қарай бет алған. Зерттелетін аумақты ескере отырып, тікұшақ экипаждары, республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Бейне барлауды дрондар жүргізеді", - деп түйіндеді Алмалы аудандық полиция бөлімінің басшысы Есен Ысқақов.
Полиция қызметкерлерінен тұратын жедел тергеу тобы құрылды. Іздестіру шараларына кинологтар мен волонтерлер тартылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы маңында шетелдік туристтің жоғалу дерегі бойынша тергеу басталғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу