Бүгін көліктегі Үндістанның үшінші студенті қайтыс болғаны хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Үндістанның Астанадағы елшілігі көлікте Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің 4 студенті және Үндістаннан келген бір турист болғанын мәлім еткен еді.
Жол апатына ұшырағандар Шымкенттен Алматыға бағыт алған. Екі адам оқиға орнында қаза тапса, үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түскен-ді.
Бүгін елшілік 2001 жылы туған Рахул Ядав ауруханада көз жұмғанын қайғыра хабарлады. Ол 6 қаңтардағы қайғылы оқиғадан соң жансақтау бөлімінде ем алды.
Қазіргі уақытта оның мәйітін отанына жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.