Алматы мектептерінен мина табылған жоқ

922

Саперлер 34 нысанды тексеріп шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алматы мектептерінен мина табылған жоқ

Еске сала кетсек 19 наурызда белгісіз адам Алматыдағы 34 мектепке жарылғыш зат қойғаны туралы хат жазып, білім беру мекемелерінің электрондық поштасына жіберген. Саперлер аталған нысандарды түгел тексеріп шығып, мина табылмағанын жеткізді.

"Аталған факт ҚР Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама жолдаған адамның жеке басын анықтауға және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп жазылған қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу