Мина қойылғаны туралы хабарлама алған мектептер саны 34-ке жетті

1207

Полиция осы уақытқа дейін 18 мектепті тексеріп, жарылғыш заттар тапқан жоқ.  

Мина қойылғаны туралы хабарлама алған мектептер саны 34-ке жетті

Алматыда "мина қойылды" деген хабарлама алған мектептер саны 34-ке жетті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Еске сала кетсек, бұған дейін осындай хат 12 білім беру мекемесінің электрондық поштасына келген еді

Осылайша белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса мектептерді жарып жіберетінін хабарлаған. 

"Қазіргі уақытта мамандар ғимараттарды тексеріп жатыр. 34 мектептің 18-і тексерілді, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама жолдаған адамның жеке басын анықтауға және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", деп жазылған қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу