Алматы облысы бала сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

204

Аталмыш топ әлеуметтік желідегі "surak.baribar" парақшасында бала сатумен айналысқан.

Алматы облысы бала сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Фото: Polisia.kz

Алматы облысы полиция департаментінің (ПД) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚКБ) жедел қызметкерлері жаңа туған нәрестелер мен кәмелетке толмаған балаларды сататын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұл туралы 25 тамызда белгілі болды. Ақпаратты тексеру кезінде қылмыстық топ әлеуметтік желіде "surak.baribar" парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған балаларды заңды түрде асырап алу қызметі желеуімен қылмысқа барғаны анықталды.

"28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы, 38 жастағы күдікті анықталды", — деді полиция.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу