Сенатор Жанболат Әкебайұлының айуынша, әзірге электр қуатымен жабдықтаудың ең төменгі сапасы Маңғыстау және Ұлытау облысында тіркелген, бірақ оған жақын арады Алматы облысы да қосылуы әбден мүмкін, деп жазады inbusiness.kz cайты.
Қазақстандағы электр энергиясының 70%-ы көмірмен өндіріледі және еліміз әлемде энергияны ең көп пайдаланатын мемлекеттердің бірі. Елімізде 220 электр стансысы жұмыс істейді, оларлың жалпы қуаты 2,8 гб болатын 146 жаңартылған энергия көздері бар.
"Осы орайда халықтың электр энергиясына 100% қол жеткізгеніне қарамастан, электр желілерінің тозу мәселесі өзекті болып отыр. Экономикалық зерттеулер институтының сауалнамасының нәтижелері бойынша, электр қуатымен жабдықтаудың ең төменгі сапасы Маңғыстау және Ұлытау облысында тіркелген, оған Алматы облысы да қосылуы мүмкін. Себебі облыста 4 жаңа ИА салу және 2050 жылға дейінгі қолданыстағы аймақтарды дамыту жоспарланған", — деді Жанболат Әкебайұлы.
Сонымен қатар электр беру желілері тозған және өткізу мүмкіндіктері шектеулі. Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, алдағы уақытта трансформаторлық қуатпен қамтамасыз ету және одан әрі бөлу үшін Қонаев қаласына 5 жаңа қосалқы стансы салу жоспарланған, сонымен қатар 2024 жылы 7,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 52 жобаны іске асыру көзделген, бірақ сенатордың айтуынша, бұл қадамдар дағдарыстың алдын алу үшін жеткіліксіз және жаңа энергия көздеріне назар аударған дұрыс.
"Генерациялау қуатын арттыру мәселелерін шешуді және қосалқы стансыларды салуға өте батыл және шұғыл шаралар қабылдау қажет деп білемін. Қазақстанда жаңа стансыларды салуға климаттық жағдайлар бар, бірақ жаңартылған электр көздері бойынша зерттеулер жүргізілмейді. Соңғы 5 жыл ішінде жаңартылған энергия көздерін зерттеуді жүзеге асыру үшін мақсатты қаржыландыру бөлінбеген. Алматы облысында электр қуаты тапшылығын жабу және апат болған жағдайда электр энергиясын берудің резервтік желісімен қамтамасыз ету мақсатында Талдықорған және Қонаев қаласында әуе желісін салған жөн болар", — деді сенатор.