Алматы облысы: Оқу жылы қалай қорытындыланды?

251

Осы оқу жылын облыстың 474 білім беру ұйымында 350 011 оқушы аяқтайды.   

Алматы облысы: Оқу жылы қалай қорытындыланды? Фото: Алматы облысы ӨКҚ

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Мұхамажанқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде демалысы туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Олардың ішінде 11 сыныпты 14 222 оқушы бітіреді. "Алтын белгіге" үміткер – 948, "Үздік аттестатқа" үміткер 1206 оқушы бар.
Гүлжан Мұхамажанқызының айтуынша, балаларды білім нәрімен сусындырып жүрген ұстаздар үшін де,  жыл табысты болды.

Оқу жылы ішінде 33 мың педагог сапалы қызмет атқарып, айтарлықтай нәтижелер көрсеткен. Мәселен, былтыр халықаралық білім жарыстары мен олимпиадаларда топ жарып, 117 бала жүлдегер атанса, биыл 150 бала жеңімпаздар қатарынан көрінген.

Сонымен қатар, спикер білім сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен "Жол картасы" жасалғанын атап өтті. Жол картасы аясында, "Білім инновация" халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе отырып, "50 табысты мектеп" жобасы жүзеге асырылып, білім сапасы 1,6 пайызға өскен.

Бұдан бөлек, Гүлжан Мұхамажанқызы балалардың жазғы демалысы қалай өтетініне тоқталды.
Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау жөніндегі облыс әкімінің өкіміне сәйкес қажетті іс-шаралар ұйымдастырылуда. Облыс аумағында 20 жазғы сауықтыру орталықтары бар. Оның ішінде жазғы кезеңде 1 мемлекеттік және 14 жекеменшік лагерь өз жұмысын бастайды деп күтілуде.

"Биыл жазғы демалыста 1-10 сыныпта оқитын 7-14 жас аралығындағы 272 861 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек және мүмкіндіктері шектеулі балалар, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларын қамтуы жоспарлануда", - дейді Гүлжан Мұхамажанқызы.

Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 120 бала сауықтыру шараларымен қамтамасыз етілді. Және де "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының "Жаздық сауықтыру жолдамасы" әлеуметтік жобасы аясында облыстың 4 лагеріне 2421 балаға жолдама берілді.

Спикердің айтуынша, балалар демалатын лагерлер тізімі барлық мүдделі органдар назарына жеткізіліп, лагерь басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ,  15-17  мамыр аралығында ҚР Үкімет аппаратының аймақтық инспекторының жұмыс сапары барысында тексерулер жүргізілді. Өңірдегі 5 лагерьдің жазғы уақытта балаларды қабылдауға дайындығымен танысты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу