"Алматы-Өскемен" тасжолында 5 көліктің қатысумен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады, деп жазды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
– Бес автокөліктің қатысуымен жол апаты 28 маусымда "Алматы-Өскемен" автожолының 42 шақырымында болғанын хабарлаймыз. Апат салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады департамент баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, облыстық полиция жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу