Алматы облысында 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен ер адам бұрынғы полиция қызметкері болып шықты

101

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен ер адам бұрынғы полиция қызметкері болып шықты Фото: Бейнежазбадан

Күдікті Көкөзек ауылында 6 жасар баланы қағып, ол ауруханаға жеткізілген. Ал өзі оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Lexus RX 300 көлігінің 42 жастағы жүргізушісі ұсталды.

– Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған азамат полиция қызметкері емес, ол бұрын (апат болғанға дейін) теріс себептермен жұмыстан босатылған. Осы оқиға бойынша бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу