Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінінің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік апаты 7 ақпанда Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында болған.
"Алматы – Бішкек автожолының 82-шақырымында 8 автокөлік соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам жеткізілді, олардың екеуі –автобус жолаушысы", - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу