Алматы облысында ашынған тұрғындар жолды жауып тастады

1207

Оқиға 28 желтоқсанда түнде болған.

Алматы облысында ашынған тұрғындар жолды жауып тастады

Алматы облысы Бесағаш ауылының тұрғындары Талғар трактісі бойынша жолды жауып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Классикалық жағдай. "Нұрия" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жолды жауып тастады. Оларға су дұрыс берілмеген. Бесағаш ауылы, Талғарский трактісі. Сағат 22:00", - деп жазылған әлеуметтік желіде жарияланған видеода.

Онда "Нұрия" және "Алматау" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бір күн сусыз қалғаны айтылады.

28 желтоқсан сағат 10.30-да Талғар ауданының әкімдігі құбырдың жарылғанын хабарлап, оның салдарын жою жұмыстарын жүргізген. Осыған байланысты су беру тоқтатылған. Жұмыс түнге дейін жүргізілген.

Жолды жауып тастаған тұрғындарға жергілікті әкімдік өкілдері келген. Олар ашуланған тұрғындарға жағдайды түсіндірген. Тұрғындар түнгі сағат 23.40-та үйлерін кеткен.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу