Алматы облысында әуе шарлары фестивалінде келеңсіз жағдай болды

705

Алматы облысы, Қонаев қаласында 22 шілде күні алғаш "Халықаралық Қонаев әуе шарлар фестивалі" өтті. Оған 40 мыңнан астам адам қатысты. 

Алматы облысында әуе шарлары фестивалінде келеңсіз жағдай болды Фото: Максим Морозов

Бірінші рет ұйымдастырылған форумда келеңсіз жағдайларсыз өткен жоқ, тіпті, кейбір меймандардың наразылығын тудырды, деп жазады Inbusiness.kz

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы фестиваль барысында әуе шарларының бірі жыртылып кеткен видеосы тараған болатын.

Оған қоса, фестивальдің ұйымдастыру жағы да көңілден шықпаған көрінеді, біраз шағымдар түскен.

Сонымен қатар, жазба авторлары тексеруші органдар бюджеттен 183 млн теңге жұмсамақ болған фестивальді қаржыландыру көздеріне назар аударуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу