Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Туыстарының айтуынша, ол соңғы төрт жыл бойы күн сайын энергетикалық сусындар ішкен. Толық тексеруден кейін дәрігерлер науқасқа созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды. Бұл жүректің соғу функциясы бұзылып, органдар мен тіндерге оттегінің жетіспеушілігінен зардап шеккенін білдіреді", - деп хабарлады басқармада.
Науқастың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Еске сала кетсек, жоғары санатты хирург дәрігер, №4 қалалық клиникалық ауруханада жұмыс істейді, ол С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры Абылай Баймаханов энергетикалық сусынды ішу нәтижесінде хирургиялық патологиясы бар науқастардың көбейгенін хабарлаған.