2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 6:30-да Алматы облысында ауа райының нашарлауына (қалың тұман, көрінудің шектелуі) байланысты төмендегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу енгізіліп, жол жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда:
– "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек" автомобиль жолының 25-67-шақырым аралығындағы учаскесі (төлемақы алу пунктінен – Қонаев қаласына дейін);
– "Алматы-Шелек-Қорғас" автомобиль жолының 24-136 шақырым аралығындағы учаскесі (төлемақы алу пунктінен – Шелек ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 11:00-де ашу жоспарланып отыр.