Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 2 адам көз жұмды

205

Қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 2 адам көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысындағы "Сокол" саяжай қоғамының аумағында балалары бар жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккен басқа жолаушы жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Тергеу барысы Алматы облысының ПД басшылығының бақылауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу