Алматы облысында пара алған алты полицей сотталды

2453

Олар жүргізушілерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында пара алған.

Алматы облысында пара алған алты полицей сотталды Фото: Pixabay

Жыл басында Алматы облысы жол-патрульдік полициясының 6 қызметкеріне қатысты Қарасай аудандық соты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар автокөлік жүргізушілерінен пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Лауазымды тұлғаларға жалпы 58,8 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, пара берушілерге жалпы сомасы 3,85 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу