Алматы облысында пештен шыққан улы газдан 4 адам уланды

365

Зардап шеккендердің арасында балалар бар. 

 Алматы облысында пештен шыққан улы газдан 4 адам уланды Фото: gov.kz

Алматы облысында пештен шыққан улы газдан 4 адам уланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 4 қаңтар күні Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне орталық аудандық ауруханадан Кеген ауданының Кеген ауылында көппәтерлі тұрғын үйде 4 адамның көміртегі тотығымен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бітелген мұржаның салдарынан қатты отынмен жылытуды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылғанын анықтады.

"4 адам көміртегі тотығымен уланды. Олар 1997 жылы туған әйел мен 2019, 2020, 2022 жылдары туған 3 бала. Зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жатқызылды", - делінген ведомство таратқан мәліметте.

Бүгінгі таңда олардың жағдайлары орташа дәрежеде екені белгілі болды.

Министрліктің мәліметінше, облыстық ТЖД қызметкерлері өткен жылдың 9 желтоқсанында оқиға болған көппәтерлі тұрғын үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жаднамалар таратқан.

Бұдан бөлек СҚО Жамбыл ауданының аудандық ауруханасына улы газдан уланған 1956 жылы туған жеке тұрғын үй иесі түскен.

"Әйелдің қатты отынмен жылытылатын пештің түтінденуі салдарынан уланғаны белгілі болды. Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзушылықтар анықталды", - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу