Алматы облысында 2 полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Camry-де 3 тәртіп сақшысы отырған. Көліктің сол жақ дөңгелегі істен шығып, салдарынан ол конструкцияға соғылған. Осы сәтте көлікті Hyundai Accent соққан.
Салдарынан 2 полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмған, үшіншісі ауруханаға жеткізілген.
Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол полицейлер қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу