Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Қарғалы ауылдық округіне қарасты Жеңіс саяжайын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбырында ақау шыққан.
"Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы сағат 9-да Қарғалы ауылындағы барлық абоненттерге су беру өшірілді. "BeyAzh Trans" компаниясының қызметкерлері құбырды ауыстырып жатыр. Жұмысты сағат 12-ге дейін аяқтау жоспарда", - деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу