Алматы облысындағы жол апаты үш адамның өмірін қиды

193

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 4 ақпан күні Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

Алматы облысындағы жол апаты үш адамның өмірін қиды Фото: видеодан алынған кадр

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады, – деп хабарлады полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу