Алматы облысы Қарасай ауданындағы Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай ауылының маңындағы заңсыз қоқыс полигонында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт 400 шаршы метр аумақты қамтыған.
Оқиға орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылып, арнайы техниканың көмегімен аумақты қалпына келтіру және өрт ошақтарын топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу