Алматы облысында жалған алкоголь өнімдерін жасаған күдікті ұсталды

824

Тінту кезінде 11,5 мың акциздік маркалар, 110 литр құрамында спирті бар заттар, 120 бөтелке дайындамалар, станок, алкоголь өнімінің заттаңбасы, сондай-ақ жалған алкоголь дайындауға арналған басқа да заттар тәркіленген. 

Алматы облысында жалған алкоголь өнімдерін жасаған күдікті ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1980 жылы туған бұрын сотталған азаматтың алкоголь өнімін дайындау дерегінің жолын кесті.

Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғыны "Хаома", "Хортица", "Беленькая", "Талка" маркалы суррогат алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз және жасанды есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып өндірген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу