Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

107

Тағы 6 адам ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты Фото: canva

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 29 мамыр күні Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 32 шақырымында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, Cadillac Escalade көлігінің 26 жастағы жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан KIA K5 көлігіне жол бермегендіктен соқтығысқан.

"Салдарынан KIA K5 жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Аталған көліктің тағы бір жолаушысы, сонымен қатар Cadillac Escalade-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады ведомстводан.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық және қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу