Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

404

12 жастағы ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді. 

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты Фото: видео скриншот

Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында бес бірдей адамның өліміне себепші болған жол көлік апаты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.

"Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді", — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу