Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

182

Ер адам көз жұмды. 

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті Фото: istockphoto.com

Жол-көлік оқиғасы Алматы – Өскемен тас жолында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Желіде оқиға орнына түсірілген бейнежазба тарады.

"Алматы – Өскемен тас жолының 75-інші шақырымында Hyundai H350 көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу