Алматы облысында жеңіл көлік пен мопед соқтығыып, 17 жасар бозбала мерт болды

569

Марқұм бозбала мопед тізгінінде болған. 

Алматы облысында жеңіл көлік пен мопед соқтығыып, 17 жасар бозбала мерт болды Фото: Zakon.kz

22 тамызда Алматы облысы Байсерке ауылында жеңіл көлік пен мопед соқтығысып, оқиға орнында 17 жастағы бозбала тіл тартпай кетті, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota Kamry көлігін тізгіндеген бойжеткен Жұбанов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып жол қилысында тоқтамастан тікке өткен.

Сол кезде бар жылдамдығымен мопед жеңіл көліктің оң жағындағы алдыңғы есігіне соғылған. Ауыр соққы салдарынан мопедтің өзі бір жаққа, оның жүргізушісі бір жаққа ұшып түскен.

Мопед тізгініндегі 17 жастағы бозбала оқиға орнында қаза тапты.

Оқиға орнында Алматы облысының анықтаушылары, полиция қызметкерлері, криминалистері жұмыс істеп жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу