Алматы облысында жоғалған аңшы табылды

129

Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылармен бірге полиция қызметкерлері, ЖАО және жергілікті тұрғындар ат салысты.  

Алматы облысында жоғалған аңшы табылды Фото: Видеодан скриншот

Іздестіру жұмыcтары таңғы сағат 04:00-те басталған, деп жазады inbusіness.kz сайты.

Кеше Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылының маңында аң аулауға кеткен 1978 жылы туған азаматтың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Іздеу тобы ауылдан 30 шақырым жерде аңшыны тапты. Жергілікті емес болған соң, ол таулы жерлерде бағдардан айырылып адасып кетіпті. Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Тек тауда тоңған.

ТЖМ тауға немесе бейтаныс жерге шыққан кезде жергілікті билік пен ТЖ қызметтеріне өз бағыты туралы хабарлау керек екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу