Кәмелетке толмағандарды іздестіруге өңірдің жеке құрамы дереу бағытталды және полицияның барлық кешенді күштері мен нарядтарына бағдарлар жіберілді. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында болған іздеу іс-шараларына еріктілер де қосылды. Нәтижесінде кезекші тәулік ішінде кәмелетке толмағандарды Бесағаш ауылынан 12 шақырым жерде Бесқайнар ауылдық округінің таулы жерінен “Табаған” ТА бағытында жергілікті тұрғын тапты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балалар үйлеріне аман-есен оралды.
Еске сала кетсек,бір үйдің үш баласы із түссіз жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу