Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды

520

Бұл туралы inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды Фото: gov.kz

"Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды. Адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін таңертең Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Жоғалып кеткен отбасын іздеу жұмыстары күшейтіліп, арнайы екі топ тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу