Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

160

Жол апаты 5 желтоқсанда болған. 

Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Полиция Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.

– Жол апатынан екі жүргізуші және екі жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу