Бүгін кешкі сағат 17.30 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жол апатынан 6 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қайғылы жағдай "Алматы - Көкпек - Көктал" тасжолының 69-шақырымында орын алған. 28 жастағы Mercedes жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында Mercedes көлігінде болған 6 адам қаза тапты, оның 4-еуі – кәмелетке толмаған балалар.
Зардап шеккен тағы 3 адам әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Айта кету керек, 1992 жылы шыққан Mercedes-те 9 адам болған, оның алтауы – бала.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.