Алматы облысында жол апатынан 9 адам мерт болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.
Кеше Алматы-Бішкек тасжолының 109-шақырымында жол апаты орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, Lada жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Camry-мен бетпе-бет соқтығысқан", – делінген хабарламада.
Салдарынан 9 адам көз жұмды. Оның үшеуі – әйел. Олардың кім екендіктері анықталды: Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары.
Қазір сарапта тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу