Қаракемір-Бәйдібек би автожолында 30 жастағы әйел басқарған "Mitsubishi Space Wagon" көлігі жол жиегінен шығып кетіп, ағашқа соғылған, деп жазады inbusiness.kz Алматы облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап.
"Қатты соққыдан автокөлік екі бөлікке бөлініп кетті. Жол апатынан кәмелет жасқа толмаған 2 бала қаза тапты. Жүргізуші мен 3 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Аталған жол көлік оқиғасы дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу