Алматы облысында жол апатынан полицей мерт болды

498

Жол-көлік оқиғасы кезінде ол қызметте емесе, кезекті еңбек демалысында болған.  

Алматы облысында жол апатынан полицей мерт болды Фото: zakon.kz

Алматы облысында жол апатынан еңбек демалысында жүрген полицей қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 ақпан күні Lada Priora автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Сарыбастау - Үлгілі автожолының 10-шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Үшқоңыр ауылының 22 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан Ladа-мен соқтығысқан.

Алған жарақаттарынан екі жүргізуші де оқиға орнында мерт болды. Ladа көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Қарасай ауданы полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол кезекті еңбек демалысында болған.

"Дерек бойынша Жамбыл ауданы полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды", - деп хабарлады ІІМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу