Алматы облысында жүргізуші бірнеше көлікті соғып, жол жиегіндегі 2 бозбаланы қағып кетті

385

Оқыс оқиға 2 қазан күні сағат 11:00 шамасында болған. 

Алматы облысында жүргізуші бірнеше көлікті соғып, жол жиегіндегі 2 бозбаланы қағып кетті Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысындағы Көксай ауылында Honda CRV мінген жүргізуші бірнеше көлікпен соқтығысып, тротуарда кетіп бара жатқан екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай жасөспірімдердің екеуі де зардап шекті. Олар түрлі жарақат алып, есеңгіреп қалған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Тергеу аясында қажетті алғашқы процессуалдық іс-шаралар жүргізілді. Жүргізуші ұсталып, изоляторға қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтап, заң талаптарына сәйкес қажетті шаралар қабылданып жатыр", – делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу