Алматы облысындағы улану оқиғасы: алдын ала себебі айтылды

500

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Алматы облысындағы улану оқиғасы: алдын ала себебі айтылды Фото: tengrinews.kz

Алматы облысында бір отбасының 5 адамын жалмаған улы зат көміртегі тотығы болуы мүмкін, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"4 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Қарасай ауданының Полиция бөліміне Көлащы ауылында 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қайтыс болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.

Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылды.

Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында белгісіз заттан бір отбасының бес адамы уланып қайтыс болғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Дәрігерлер уланып қалған отбасыдан жалғыз аман қалған әйелдің жағдайын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу