Алматы облысының жолдарында жаңа "Сұңқар" камералары пайда болды

293

"Сұңқар" камералары басқа қалаларға орнатыла ма?

Алматы облысының жолдарында жаңа "Сұңқар" камералары пайда болды

Алматы облысының негізгі күре жолдарында 11 заманауи "Сұңқар" аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл жоғары технологиялық жүйелер Алматы – Көкпек – Көктал, Алматы –Шелек – Қорғас және Алматы – Өскемен трассаларында орнатылған. "Сұңқар" кешендері жол жағдайын тәулік бойы бақылауға арналған. Олар жылдамдық режимінен асып кетуді, жол қозғалысы ережелерін бұзуды және жүргізушілердің басқа да қауіпті әрекеттерін тіркейді. Енгізудің мақсаты – жол апаты санын азайту, көлік жүргізу мәдениетін арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету", – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркебұлан Ахметов.

Алынған мәліметтер бірыңғай базаға жолданады, онда олар өңделеді және жүргізушілерді жауапқа тартуға негіз болады.

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты басымдығымыз. "Сұңқар" сияқты технологиялар қозғалысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғай отырып, тиімді әрі жедел әрекет етуге көмектеседі", – деп толықтырды Еркебұлан Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу