Жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Lexus ES 300 автокөлігінің қатысуымен болды. Жапондық шетелдік көлікті 34 жастағы ер адам басқарған, ол Алматы-Өскемен тас жолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.
Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындала отырып, тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу