Алматы-Өскемен тасжолында 3 адам жол апатынан көз жұмды

444

Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы-Өскемен тасжолында 3 адам жол апатынан көз жұмды Фото: polisia.kz

27 наурызда Ақсу ауданында Toyota Camry және Kia Rio көліктері жол апатына ұшырады.

Салдарынан үш адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға түсті.

Kia Rio көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған.

Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тасжолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.

"Тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу