Жетісу облысында 4 адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

343

Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, екі автокөлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы 10 желтоқсан күні шамамен 14:15-те болған.

Жетісу облысында 4 адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты Фото: instagram/taldykorganec.insta_

Сарқанд қаласына жақын жерде, Алматы-Өскемен трассасында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тауып, қалған 4-еуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала деректер бойынша, KIA автокөлігінің жүргізушісі күрт нашарлаған ауа райы жағдайында – қарлы боран, көктайғақ және көрінудің шектелуі кезінде – қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota автокөлігімен соқтығысқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция департаменті қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Ведомство өкілдері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

"Жол қозғалысы ережелерінің болмашы ғана бұзылуы да қайғылы әрі орны толмас салдарға әкелуі мүмкін", – деп атап өтті ДП.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу