Талдықорғанда ірі жол апаты болып, 11 адам жарақат алды

117

Полиция мәліметінше, Foton және Mercedes-Benz Sprinter көліктері соқтығысқан.

Талдықорғанда ірі жол апаты болып, 11 адам жарақат алды Фото: Бейнежазбадан

Алматы – Өскемен тасжолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Foton жүргізушісі екінші жолақтан кері бұрылу кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, шағын автобуспен соқтығысқан.

Оқиға салдарын куәгерлер видеоға түсірген. Кадрлардан соққы көліктің бүйір тұсына тигені көрінеді, соның салдарынан есіктер қысылып қалған. Кейбір зардап шеккендерді көліктен арнайы құралдардың көмегімен алып шығуға тура келген.

Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары келіп, арнайы жабдықтар арқылы адамдарды босатқан.

Жалпы 11 адам ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу