"Алматы-Өскемен" тасжолында жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды

193

Аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

"Алматы-Өскемен" тасжолында жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды Фото: freepik

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 6 желтоқсанға қараған түні Geely EMGRAND автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылының маңындағы "Алматы-Өскемен" тасжолының 54 шақырымында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өңір полициясы жаяу жүргіншілерді қырағылық танытуға, жолды тек белгіленген орындарда кесіп өтуге және жол қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу