Алматы полициясы автобустардың соқтығысуына қатысты жаңа мәлімет берді

485

Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгіне өтіп кеткен.  

Алматы полициясы автобустардың соқтығысуына қатысты жаңа мәлімет берді Фото: Видеодан скриншот

Алматы полициясы екі автобустың соқтығысуына қатысты толық мәлімет таратты. Жол апаты салдарынан 1 адам қаза болып, 21 адам зардап шеккен болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғасының схемасына және видеобақылау жүйелеріне жасалған талдауға сәйкес, бүгін сағат 14.05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі МАЗ қоғамдық көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Солай, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысқан. Көлікті 59 жастағы ер адам басқарған. Соқтығысудан соң 98-ші бағыттағы қоғамдық көлік екпінмен тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі – 37 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды", - делінген полиция мәліметінде.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу