Алматы полициясына газбен жүретін 118 отандық көліктің кілті тапсырылды

1015

Алматы полициясына газбен жүретін 118 отандық көліктің кілті тапсырылды

Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында газбен жүретін отандық көлік сатып алынды, олардың 107-сі жеңіл көлік, тағы бесеуі автобус және алтауы арнайы техника, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адам  көп жиналатын орындарға, яғни саябақтарға, скверлер мен алаңдарға бейнекамерлар орнату бағдарламасы келер жылы қолға алынып, ІІД жедел басқару орталығы жаңғыртылады. Бүгінгі күні қалада "Қауіпсіз қала", "Қауіпсіз аула" жобалары аясында қазірдің өзінде 66 мың камера орнатылған.

Атап өтерлік жайт, өткен жылмен салыстырғанда құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық жағынан жабдықтау 2 есе өскен. Өткен жылы 97 қызметтік автомобиль бірлігі алынса, ал биыл Универсиадаға дайындық аясы барысында қала бюджеті есебінен газбен жүретін 118 автомобиль мен автобус алынды, ал 2017 жылы газбен жабдықталған тағы да қосымша 250 автокөлік алу жоспарланған. Осының арқасында қаланың ІІД-нің автопаркі қажетті техникамен толық қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу