Кәсіпорын басшылары бұл шараның тұтынушылардың өтінішін тіркейтіндердің жұмысын жылдамдататынына сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат..
"Алматы су" кәсіпорнының хабарлауынша, бақылаушылар әр үйдегі есептеу құралындағы сандарды жазып алу, пломбалау және борышкерлердің тізімін жаңарту үшін жүздеген үй мен коммерциялық ұйымға кіріп шығады. Бұл нысандардың арасы қашық. Оларға күнде бірнеше шақырым жаяу жүруге тура келеді. Жаңа құралдар бақылаушылардың жұмысын жеңілдетеді деп сенеміз", – деп мәлім етті "Алматы су" компаниясынан.
Жақын арада осындай самокаттарға инженерлік желілер мен құдықтарды қарайтын қызметкерлер отыратын болды.
"Айына Алматыда 50-ге тарта заңбұзушылық тіркеледі. Әсіресе, тұтынушылар суға техникалық құжат рәсімдемей, рұқсатсыз қосылып, тегін тұтынуға құштар", – деді компаниядан.
Былтыр қалада 717 үйде суға рұқсатсыз қосылу дерегі тіркелген. 100 жағдайда пломба жұлынып тасталған.
"Барлық тіркелген жайттар бойынша жаза қолданылып жатыр. Атап айтқанда, борышкерлер орталық кәріз жүйесі мен судан ажыратылуда.
Коммуналдық қызмет өкілдерінің белсенді жұмысының арқасында дебиттік қарызды 330 млн теңгеден 100 млн теңгеге азайту мүмкін болды", – деді компания өкілдері.